19 сәуір 2022 3425

Логистика бойынша I Халықаралық студенттік олимпиада 2022 жылғы 28 сәуірде сағат 14:00-де сырттай нысанда өтеді

Олимпиаданың мақсаты – жүк тасымалы, көлік инфрақұрылымы және жеткізу тізбегін басқару саласында студенттердің кәсіби дамуына ықпал ету және студенттердің шығармашылық және ғылыми белсенділігін ынталандыру. Жеке және командалық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.

Олимпиада бағдарламасы

28 сәуір 2022 ж.

Уақыты

Іс шаралар

13:55

Тапсырмаға сілтеме жіберу (socrative.com)

14:00–15:00

Олимпиада тапсырмасын орындау

15:00–16:00

Орындалған тапсырмаларды тексеру бойынша ұйымдастыру комитетінің жұмысы

16.00

Олимпиада нәтижелері мен пдф форматындағы грамоталарды тарату

Олимпиадаға студенттер командалары қатысады. Бір командада 2-ден артық емес қатысушыға және бір жетекшіге рұқсат етіледі. Бір ЖОО-нан командалар саны шектелмеген. Олимпиадаға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы қарастырылмаған.

Олимпиада socrative.com. платформада өтеді. Тапсырмаға сілтеме олимпиада басталғанға дейін бірнеше минут бұрын, олимпиадаға қатысуға жіберген өтінімдегі электрондық мекен-жайға жіберіледі.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Тапсырмаларды орындау уақыты – 1 сағат. Уақыт өткеннен кейін тапсырмаға сілтеме жабылады. 14:05-ке дейін сілтеме алынбаған жағдайда, олимпиада үйлестірушісінің поштасына сұрау жіберу қажет.

Логистика бойынша I Халықаралық олимпиадаға қатысу үшін өтінімді (қосымша) 2022 жылғы 26 сәуірге дейін олимпиада үйлестірушісі Салтанат Болатқызы, e-mail: s.bolatkyzy@satbayev.university жіберіңіздер.

Өтініш формасы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту