Ақпарат:

25 сәуір 2025 125

Магистранттар Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде

Магистранттар Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде

«Мұнай инженериясы», «Кибернетика және жасанды интеллект» және «Management of information systems» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан Satbayev University-нің 19 магистранты Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде екі апталық ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Университет ректоры, доцент Руфат Азизовпен магистранттардың  кездесуі өтті. Кездесу барысында ректор екі университет арасындағы байланыстың маңыздылығын атап өтіп, бұл ғылыми тағылымдаманың студенттер үшін пайдалы болатынына үміт білдірді және оларға сәттілік тіледі. Кездесу соңында ректор, доцент Руфат Эйваз оғлы Азизовқа естелік сыйлық табыс етілді.

Аталған тағылымдама Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы ғылым және жоғары білім министрліктері арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жүзеге асып отыр. Бұл құжат екі ел арасындағы ғылыми-білім беру саласындағы байланысты нығайтып, оны жаңа деңгейге көтереді.

Тағылымдама барысында жинақталған тәжірибе — жас мамандар үшін кәсіби біліктілігін арттырып, саладағы озық технологиялармен танысуға тамаша мүмкіндік.

Магистранттар Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту