13 мамыр 2021 4980

Магистранттарға арналған Анхальт университетінде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды

Магистранттарға арналған Анхальт университетінде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды

Erasmus+ бағдарламасы магистранттар үшін халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясында Анхальт университетінде (Anhalt University, Германия) білім алу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Сәтбаев университетіне 2021-2022 оқу жылының күзгі семестріне 1 грант бөлінген.

Оқу бағдарламасы: Электротехника және компьютерлік инженерия. Мамандануы: «Байланыс және ендірілген жүйелер» АКТ. Болжалған оқу мерзімі: 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін. Оқу тілі: ағылшын (B2-ден төмен емес).

Үміткерлердің құжаттарын қабылдау - 2021 жылдың 31 мамыр.

Қажетті құжаттар:

  1. CV (e-mail адрес жазылған түйіндеме)
  2. Паспорт (шетелдік)
  3. Профессорлардан / оқытушылардан ұсыныс хат (2 дана)
  4. Мотивациялық хат
  5. Ресми транскрипт
  6. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификат – IELTS, TOEFL, Cambridge немесе Satbayev University ағылшын тілі кафедрасы берген Сертификат. Ағылшын тілін білу деңгейі орташа-B2 немесе одан жоғары болуы керек.

Қажетті құжаттардың толық пакеті international_office@satbayev электрондық поштасына University "Anhalt University Application" атымен 31 мамыр сағат 14:00-ге дейін кешіктірмей жіберілуі тиіс.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық орталығына мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 727 320 40 19.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту