16 сәуір 2024 1895

Магистранттық және студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына 2024 құжаттар қабылдау басталды

Магистранттық және студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауына 2024 құжаттар қабылдау басталды

КЕАҚ «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті», ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің 01.04.2024 жылғы №14-0/1420-BH хаты және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша магистранттар және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы республикалық конкурсын өткізу жөніндегі толықтырылған тізім негізінде 075 – «Кадастр және жерге орналастыру» МБбБ бойынша «Жерге орналастыру» және М128 - «Жерге орналастыру» (Магистратура)  білім беру бағдарламасы бойынша II кезеңге конкурстық құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.    

Конкурсқа арналған жұмыстар 2024 жылғы 03 мамырна дейінгі мерзімде «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары магистранттарының және студенттерінің  жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдардың» талаптарына сәйкес қабылданады.

Жұмысты белгіленген мерзімге дейін төмендегі түрде ұсынуды сұраймыз: қағаз және электрондық тасымалдағыштарда («Республикалық СҒЗЖ және МҒЗЖ конкурсына» деп белгіленген) мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: 050013, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22, электрондық пошта: y.zhakypbek@satbayev.university

Қосымша. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу туралы ереже қосымшада берілген.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту