30 маусым 2020 5408

Магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруға өтініш қабылдау басталды

Магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруға өтініш қабылдау басталды

Кешенді тест тапсыруға қатысу үшін өтініштер 2020 жылғы 15 маусым мен 15 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы қабылданады.

Шығармашылық емтихандар 2020 жылы 20–28 шілде аралығында, ал тест тапсыру 1–15 тамыз аралығында өткізіледі.

2020 жылы магистратураға түскісі келетін талапкерлер кешенді тест тапсыруға өтініш беру үшін қабылдау комиссиясына бармай-ақ, өз беттерінше өтініш бере алады.  

Өтініш тапсыру үшін талапкер:

  • https://egov.kz сайтында азаматтардың мобильдік базасына тіркеледі де;
  • https://did.gov.kz сайтында Digital.ID цифрлы төлқұжат жасайды;
  • Ұлттық тестілеу орталығының https://pvo-zayav.testcenter.kz сайтына тіркеліп;
  • кешенді тест тапсыру үшін қажетті мәліметтерді толтырады.

Бұл ретте талапкер магистратураның білім беру бағдарламаларының тобын жоғары білімінің мамандығына сәйкес таңдауы керек. Кешенді тесттің ақысы онлайн режимінде төленеді.

Ресми ақпарат

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту