Maria Curie-Skłodowska University басшылығы Сәтбаев Университетіне келді
Мария Кюри-Склодовская Университетінің ректоры Радослав Добровольский Сәтбаев Университетіне сапармен келіп, Сәтбаев Университеті мен Maria Curie-Skłodowska University арасында білім және ғылым саласы бойынша стратегиялық серіктестіктің болашағы туралы талқылады.
Университеттің Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Көлдеев тұңғыш техникалық университет қабырғасында қонақтарды қарсы алды. Кездесуге Мария Кюри-Склодовская Университетінің ректоры Радослав Добровольский, студенттермен жұмыс және білім сапасы жөніндегі проректор Дорота Колодинска, Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Көлдеев, жарияланым белсенділігі мен ғылыми басылымдардың жетекшісі Гүлзия Адилбековна, Коммерцияландыру және халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің басшысы Алия Ахатаевна және т.б. қатысты. Жиын барысында Радослав Добровольский құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жоспарларымен бөлісті.
Мария Кюри-Склодовская университеті (польш. Maria Curie-Skłodowska University) – 1944 жылы құрылған Польшадағы ең ірі мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі. Университетте 10 факультет бар. Мария Кюри-Склодовская университеті бакалавриат, магистратура, докторантура және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім береді. Университет жоғары білікті мамандарды: информатиктерді, аудармашылар, экономистер, қаржыгерлер, әлеуметтанушылар, суретшілер, биотехнологтар, химиктер, логопедтерді және т.б. әртүрлі ғылымдар оқытушыларын даярлайды. Жаңа оқу бағыттарының ішінде Шығыс еуропалық зерттеулерді, ішкі қауіпсіздікті, когнитивтік ғылымды, тарихи туризмді, сондай-ақ инженерлік зерттеулерді: көгалдандыру және техникалық физиканы атап өткен жөн.