30 наурыз 2023 2725

Математиктер жарысы: университет студенттері тоғызқұмалақ чемпиондары атанды

Математиктер жарысы: университет студенттері тоғызқұмалақ чемпиондары атанды

«Тоғызқұмалақ» – қазақтың ежелгі ұлттық ойындарының бірі, ол үстел үстінде ойналады, әрі адамның ақыл-ойын, зеректігін, тапқырлық қасиеттерін жетілдіруге, сондай-ақ математикалық ой-өрісін дамытуға арналған ойын. Міне, Сәтбаев Университетінің студенттері Аружан Салман мен Бексайыр Айтмаханов дәл осы қасиеттері арқасында тоғызқұмалақ ойыны бойынша өткен республикалық чемпионатта жеңімпаз атанды.

Студент жастар 18–28 наурыз аралығында Тараз қаласында өткен республикалық чемпионатқа қатысты. Оған еліміздің 17 облысынан келген 410 спортшы қатысып, өнер көрсетті. Чемпионат ережелері әртүрлі екі турнирді қамтыды: блиц-турнир (әр ойыншыға 5 минут) және рапид турнирі (әр ойыншыға 20 минут).

Болашақ бағдарламашы Аружан Салман рапид турнирінде күміс жеңіп алса, блиц-турнирде алтын жүлдеге ие болды. Ал болашақ картограф Бексайыр Айтмаханов екі турнирде де 3-орынды жеңіп алды.

Біздің студенттердің мұндай жоғары нәтижелерге қол жеткізуі кездейсоқ емес. Сәтбаев Университетінде тоғызқұмалақ секциясы 30 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Қазір секцияға 1-курстың 75 студенті қатысады, ал жоғары курс студенттерінің құрама командасында 15 адам бар, олар Алматы қаласы бойынша үздік үштіктің қатарында. Секцияны отыз жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушы Ермек Жуашев басқарады. Сонымен қатар бұған Политехте дәстүрлі түрде танымал атанған мықты математикалық мектептің де көмегі бар.

Тоғызқұмалақ ойынының тарихы бірнеше мыңжылдықты құрайды, бұл ойын көне заманнан бері басқа түркі тілдес халықтар арасында да кеңінен таралған еді. Бұл өте қиын әрі күрделі ойын, қазақтар оны «қойшының алгебрасы» деп атаған, бұл ойында санаңда өте тез есептеп, стратегиялық ойлау қабілеті болу керек. Спорттың бұл түрімен жүздеген мың қазақстандық айналысса, оның 9 мыңы – кәсіби деңгейде айналысады, олардың басым бөлігі жастар.

Ойын өте қиын болса да, Сәтбаев Университетінің студенттері бәріне төзіп, жеңіске жетті!

Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларды мақтан тұтамыз! Олар – біздің ең үздіктеріміз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту