Материалдарды қабылдау басталды
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі «Менеджмент» мамандығының 1-курс магистранттарына арналған Erasmus+ шәкіртақылық бағдарламасының аясында Beira Interior (Португалия) университетінде 2019–2020 оқу жылының күзгі семестрінде «Студенттерге арналған ұтқырлық» бағдарламасы бойынша оқуға конкурс жариялайды.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жақсы оқу үлгерімі (GPA 3.5 және одан жоғары);
- ағылшын тілін IELTS деңгейінде жетік білу (міндетті).
Оқу ұзақтығы, мерзімі және шарттары:
- 1 семестр (2019–2020 оқу жылының қыркүйек-қаңтар айлары);
- оқыту тілі: ағылшын тілі;
- ай сайынғы стипендия: 850 евро;
- жол шығыны: 820 евро.
Қажетті құжаттар:
- ағылшын тіліндегі түйіндеме;
- конкурсқа қатысуға арналған хат, ағылшын тілінде;
- ағылшын және орыс тілдеріндегі транскрипт;
- Ағылшын тілі деңгейін көрсететін сертификат (IELTS);
- паспорт көшірмесі;
- келесі (күзгі) семестрге орыс және ағылшын тілдеріндегі жеке оқу жоспары, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқу материалдарына арналған пәндердің мазмұны.
- үй және ұялы телефон, электрондық пошта
- жеке куәліктің көшірмесі.
Барлық құжаттар қағаз түрінде ұсынылуы тиіс. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы 15 сәуір. Барлық сұрақтар бойынша 10.00-ден 11.00-ге дейін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз (НК, 903-офис).