2 тамыз 2019 9632

Мемлекеттік білім беру грантына ие болғандар үшін әрі қарай нұсқаулар

Мемлекеттік білім беру грантына ие болғандар үшін әрі қарай нұсқаулар

Құрметті талапкерлер!

2019 жылы мемлекеттік білім беру грантына ие болғандардың тізімі жарияланды.

Тізім мына сайттарда жарияланған:

1. www.egemen.kz ⠀⠀
2. www.kazpravda.kz⠀⠀
3. www.testcenter.kz ⠀⠀⠀

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәтбаев Университетіне қош келдіңіздер!

Келесі қадам – университет студенті ретінде тіркелу керек:

1. kb.satbayev.university порталына қалайша тезірек тіркелуге болады (тіркелмегендер үшін) және жатақхана қажет екенін қалайша тезірек көрсету керек. Жатақхана алу үшін өтініш порталда тек онлайн түрде ғана қабылданады (жатақхана – айына 3100 теңге тұрады).

2. Университеттің Қабылдау комиссиясына 19 тамызға дейін барлық құжаттардың түпнұсқасын тапсыру керек.  

3. 19 тамыздан бастап бейімделу апталығы басталады да, әрі қарай сабақ жалғасады.

4. Жатақханадан орын бөлу 15–20 тамыз аралығында өтеді.

5. Егер де сіз құжаттарыңызды басқа қалада немесе Алматы қаласының басқа бір жоғары оқу орнында тапсырған болсаңыз, ондағы құжаттарды алып, Сәтбаев Университетінің Қабылдау комиссиясына 19 тамызға дейін тапсыруыңыз керек.

6. Егер де көрсетілген уақытқа дейін поездбен келе алмайтын болсаңыз, басқа бір көлікпен жетуге тырысыңыз, өйткені сізге бөлінген мемлекеттік грант сұранысқа ие болмауы ретінде 25 тамыздан кейін ҚР БжҒМ-не қайтарылатын болады.

Университет бойынша нұсқаулықты жүктеу

Бейімделу апталығы бағдарламасын жүктеу

Жатақханаға орналасатын студенттер тізімі

2019-2020 оқу жылына арналған бакалавриат бағдарламаларына арналған академиялық күнтізбе

2019-2020 оқу жылына арналған магистрлік және докторлық бағдарламаларға арналған академиялық күнтізбе

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыздар:
+7 (727) 292 7301. +7 (727) 292 7779.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту