21 қыркүйек 2023 4115

«Менің таңдауым-Satbayev University 2023» байқауына эссе қабылдау басталды

«Менің таңдауым-Satbayev University 2023» байқауына эссе қабылдау басталды

Бакалавриаттың бірінші және екінші курс студенттері арасында өткізілетін «Менің таңдауым - Satbayev University» үздік эссе байқауына жұмыстар қабылдау басталды. Жыл сайын біздің университеттің студенттері политехтің тарихымен танысады және өз олжалары туралы эсседе айтады. Жеңімпаздар құрмет грамоталарын алып, жаңа таныстар жасайды.

Конкурсқа қатысу үшін көлемі 2 беттен аспайтын эссе 2023 жылғы 18 қазаннан кешіктірмей «байқауға қатысу» деген белгімен мына g.abdikhaparova@satbayev электрондық мекенжайға жіберу қажет .Үздік эссені анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2023 жылғы 19 қазанда сағат 14-00-де  бас оқу корпусының 813 аудиториясында өтеді. Жеңімпаздарға электрондық пошта арқылы хабарланады.

Жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылғы 20 қазанда бас оқу корпусының 813 аудиториясында өтеді.

Байқаудың мақсаты-студенттер арасында университет пен еліміздің тарихын дәріптеу. Конкурсты ұйымдастырушы: жобаларды басқару институтының Қоғамдық пәндер кафедрасы.

Байланыс телефоны: + 77479263019 - Галия.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту