Минералдық-индустриялық мегакешендегі ресурс үнемдеуші технологияларға және Баян Рақышұлы Рақышевтың 90 жылдығына арналған Конференция 14-15 наурызда өтеді
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техниқалық Зерттеу Университеті 2024 жылы 14-15 наурызда «Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы минералдық-индустриялық мегакешендегі ресурс үнемдеуші технологиялар» халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияда келесі секциялар жұмыс жасайтын болады:
1. Геология және гидрогеологиядағы жаңа технологиялар;
2. Тау-кен өнеркәсібіндегі үнемді және экологиялық таза технологиялар;
3. Қатты минералды шикізатты алғашқы өңдеудегі инновациялық технологиялар;
4. Наноматериалдар және нанотехнологиялар;
5. Мұнай-газ саласындағы ресурстарды үнемдейтін технологиялар;
6. Минералды-өнеркәсіптік мегакешендегі цифрландыру және ақпараттық технологиялар;
7. Минералды-өнеркәсіптік мегакешенін автоматтандыру және роботтандыру.
Ұйымдастырушы: Ө.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты, «Тау-кен ісі» кафедрасы.
Өткізу күні мен уақыты: 2024 жылы 14-15 наурыз, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.
Өтетін орны: ТКМИ, 2 қабат, Д. Сүлеев атындағы ғылым және шығармашылық орталығы (акт залы).
Конференция Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ құрметті ректоры, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор Баян Рақышұлы Рақышевтың туғанына 90 жыл және еңбек, ғылыми, педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметінің 70 жылдығына арналған.