МТС өкілі Сәтбаев Университетіне келді
9 қазан күні Сәтбаев Университетіне МТС-тің инновациялар және инвестициялар жөніндегі директоры Дмитрий Курин келді. Екі жақ тараптар ынтымақтастық қарым-қатынас жөнінде келісім жасап, оның алғашқы қадамы ретінде Дмитрий Курин университет студенттеріне арнап «Инновациялық құралдар. МТС тәжірибесі» атты дәріс оқып берді.
Дмитрий Курин – МТС венчурлық қорының басқарушы серіктесі, РФ корпоративтік инновациялық нарықтың 2020–2021 жылдардағы көшбасшысы. Forbes, Emerge және Skolkovo компанияларының сарапшысы, әрі спикері. Стартап тәлімгері және корпорациялар кеңесшісі.
Дәріс стартаптарға, венчурлық инвестицияларға және жалпы кәсіпкерлікке арналды. Ресейлік және халықаралық нарықтарда дәлелденген дайын өнімдерді іздеу және бүкіл әлем бойынша инновациялық ойыншылармен серіктестік орнату – MTС корпорациясының бизнесін құру және кеңейту жолындағы тұрақты мақсаты болып табылады. МТС-те инновациялар мен тәжірибе жасау мәдениетінің жолдарын дамыту – осы жұмыстың негізгі бөлігінің бірі болып табылады, ал Сәтбаев Университеті МТС бизнесі мен синергияның дамуы үшін одан арғы инновациялық арна болып табылады.