Мұрағат деректерімен жұмыс жөніндегі бірінші хакатонға қатысып, тамаша жүлделер жеңіп алыңыздар!
Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты Сәтбаев Университеті және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесе отырып, «Archive Hack: Ақылды мұрағат» атты бірінші хакатонға қатысуға шақырады.
Мұрағат деректерін цифрландыру, каталогтау және визуализациялау процестерін жақсартуға көмектесетін, сондай-ақ тарихты жастар үшін қолжетімді және қызықты етуге көмектесетін инновациялық шешімдерді жасауға дайын бакалавриат студенттері мен жоғары сынып оқушыларының командаларын деректер базасымен жұмыс жөніндегі хакатонға қатысуға шақырамыз.
Хакатон секциялары
Young Archivists Initiative – Ең үздік мектеп жобасы
Бұл секцияда 10–12-сынып оқушылары мұрағат материалдарымен жұмыс жасауға бағытталған жобалар жасайды. Қатысушылар мұрағаттарға қолжетімділікті, оларды цифрландыру мен визуализациялауды жақсарту үшін инновациялық шешімдер әзірлей алады. Жобалар функционалды ғана емес, сонымен қатар жастар аудиториясы үшін қызықты болуы керек. Ал нәтиже үшін шешімдердің креативтілігі де, практикалық қолданылуы да бағаланады.
Designing Heritage – Ең үздік брендбук дизайны
Бұл тарихшылар мен дизайнерлерге арналған секция. Командалар мұрағаттың көрнекі визуалды стилін жасау үшін жұмыс істейді. Міндеттері – логотип, түстер палитрасы, типографика және дизайн элементтері сияқты фирмалық стиль элементтерін қамтитын бренд кітапты әзірлеу. Қатысушылар бірыңғай визуалды стиль жасау үшін заманауи ІТ-шешімдер мен графикалық дизайнды пайдалануы керек, кейін ол стиль цифрлық та және баспа форматында да қолданылатын болады.
Tech Solutions for Heritage – Ең үздік жаңашылдық шешім
Бұл секция мұрағат ісі саласындағы озық техникалық шешімдерді әзірлеуге арналған. Қатысушылар мұрағат материалдарын өңдеуді жақсарту үшін қолданылатын инновациялық құралдарды, мәселен, қолжазбаны дәл тану жүйелері немесе басқа да технологияларды жасайды. Пайдаланушылардың қатысуын және мұрағаттау тиімділігін арттыруға септігін тигізетін цифрландыруды енгізу, процесті оңтайландыру және интерфейсті жақсарту сияқты шешімдер жоғары бағаланатын болады.
Өз командаңызды қалай құру керек және оны қалай тіркеу керек:
- Команда құрыңыз. Ол үшін сізге 3–5 қатысушы керек. Олар университеттегі немесе колледждегі достарыңыз, егер сіз 10–12-сынып оқушысы болсаңыз, тіпті сыныптастарыңыз болуы да мүмкін. Ең басты талап – IT саласына немесе тарих пәніне (және аралас бағыттарға) деген қызығушылықтары болуы керек. Егер жалғыз өзіңіз тіркелгіңіз келсе, ол үшін де еш қиындық жоқ – команданы сол жерде құруға болады.
- Көңіліңізге ұнайтын тапсырма таңдап алыңыз. Хакатон мұрағаттық деректермен жұмыс істеу қиындықтарын шешуге арналған, сондықтан тапсырмалар виртуалды мұрағаттар жасау, интерактивті көрмелер құру, қолжазба мәтінін тану жүйелерін әзірлеу немесе мұрағаттың брендбукін құру жұмысымен байланысты болады.
- Тіркелу үлгісін 15 қыркүйекке дейін толтыру керек
24 қыркүйек күні Сәтбаев Университетінде қызықты оқиға басталады! Бірінші күні сіздерге барлық қажетті нұсқаулар, тапсырмалар беріледі де, жоба бойынша белсенді жұмыс басталады. Ал 25 қыркүйек – нәтижемен таныстыру және қорытындылау күні.
Жүлде қоры: 3 000 000 теңге.
Білім алуды қаржыландыру: оқушылар арасынан шыққан ең үздік қатысушылар тегін білім алу гранттарына ие болады.
Өтетін күні: 24–25 қыркүйек.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Satbayev University.
Тіркеліңіз де, мұрағат технологиялары әлемін бағындыруға дайын болыңыз!