Ақпарат:

12 қыркүйек 2025 232

Мұрағаттардан цифрлық интеллектке: қазақстандық геологтардың жобалары ғылым келбетін өзгертуде

Мұрағаттардан цифрлық интеллектке: қазақстандық геологтардың жобалары ғылым келбетін өзгертуде

Қ. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты мен У. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтының бірлескен отырысы Сәтбаев университетінде өтті. Жиын институт директорлары Малис Абсаметов пен Асқар Сыздықовтың төрағалығымен өтті. Отырыс барысында негізінен цифрландыру, кадрлық жаңару және зерттеушілерге заманауи жұмыс жағдайларын жасау жөніндегі тақырыптар талқыланды.

Ғалымдар Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауындағы негізгі қағидаларға қолдау көрсетіп, елді жаңғыртудың алдыңғы шебінде геологиялық ғылым болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалып та жатыр: институттар цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асыруда. Олардың қатарында – Қазақстанның зияткерлік геологиялық санасы ретінде қалыптасып келе жатқан ұлттық QANYSH жобасы, сондай-ақ халықаралық талдау және есеп беру стандарттарына интеграцияланған жаңа GeoLab Eurasia зертханалық платформасын құру жобасы бар.

Кадр мәселесіне ерекше назар аударылды. Бүгінде геология ғылымында жас мамандардың тапшылығы байқалады, сондықтан институттар студенттер мен мектеп оқушыларын ғылыми қауымдастыққа тартудың жаңа формаларын қалыптастыруды өздерінің басты міндеттерінің бірі ретінде қарастырып отыр. Сондай жобалардың бірі – GeoSpark бастамасы. Бұл бастама геологиялық ғылымда ұрпақтар сабақтастығының алаңы мен ғылымды «жастарша жаңғыртудың» құралы болуға бағытталған.

Президенттік бастамаларды жүзеге асыру мамандарды жүйелі түрде даярлаусыз, инфрақұрылымды жаңартусыз және білімді басқарудың цифрлық үлгісіне көшпей мүмкін емес екенін жиынға қатысушылар ерекше атап өтті. Асқар Сыздықовтың айтуынша, бүгінгі таңда әңгіме тек мұрағаттарды цифрландыру туралы емес, сондай-ақ іргелі ғылым мен мемлекеттің және осы саланың заманауи қажеттіліктерін байланыстыратын зияткерлік құрал қалыптастыру туралы болып отыр.

Сәтбаев университеті институттарының жобалары белсенді түрде дамып келеді. Алда әлі де ауқымды жұмыстар күтіп тұр, бірақ қазірдің өзінде жоспар айқын: жаңа ғылыми жобалар Қазақстанда жаңарған, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болатын геологиялық ғылымның негізін қалауда.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту