Ақпарат:

14 қараша 2025 72

NASA зерттеушісі, National Geographic журналымен тығыз жұмыс жасайтын ғалым Сәтбаев университетіне келеді

NASA зерттеушісі, National Geographic журналымен тығыз жұмыс жасайтын ғалым Сәтбаев университетіне келеді

2025 жылғы 17–18 қараша күндері Сәтбаев университетінде Лиза Голдбергтің қатысуымен бірнеше ғылыми воркшоптар өтеді. Лиза Голдберг – биосфераны зерттеуші, NASA-ның жер ғылымы бөлімінде ғалым ретінде және National Geographic журналында зерттеуші болып жұмыс істейді.

Лиза Голдберг — жас ғалым, Стэнфордтың Doerr тұрақты даму мектебінде докторантура бағдарламасы бойынша білім алып жүр. Ол 14 жасынан бастап жерді зерттейтін ғалым ретінде NASA-да жұмыс істейді, Оңтүстік Азия өңірлерінде климаттың өзгеруін зерттейді, өйткені бұл өңірлерде халықтың кедейлік тұрмысы мен гуманитарлық дағдарыстар жиі байқалады. Ол осы аймақтарда тұрақты дамуды күшейту жолдарын табу үшін сапалық талдау мен спутниктік қашықтықтан зондтау әдістерін қолданады.

Лиза Голдберг — National Geographic журналының 2020 жылғы Young Explorers атты беделді грантының иегері. Осы грант аясында ол Cloud to Classroom бастамасын іске қосты — бұл оқушыларға қашықтықтан зондтау әдістерін пайдалана отырып, ғаламдық экологиялық өзгерістерді жақсырақ түсінуге көмектесетін инновациялық жоба.

Ал біз оқытушыларды, магистранттар мен докторанттарды осы сессияларға қатысуға шақырамыз!

Өтетін орны: МК, 316-каб.

Urban Dynamics
17 қараша | 16:00
(оқытушылар үшін)

User Interface Elements
18 қараша | 10:00
(магистранттар мен докторанттар үшін)

Impervious Surface Mapping
18 қараша | 15:00
(магистранттар мен докторанттар үшін)

Тіркелу:

Оқытушылар: https://forms.gle/yt35ykgHsEUqdqVn9

Магистранттар/PhD: https://forms.gle/r7DwGTk4B1An1SyM8

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту