20 наурыз 2019 3020

Наурыз құтты болсын!

Наурыз құтты болсын!
Ректор Satbaeyv University И. Бейсембетов

Құрметті әріптестер!

Наурыз – парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны береді, яғни Жаңа жылдың басы. Біздің ата-бабаларымыз да дәл осы күні қыстың ызғары қайтып, жер-дүниенің көктемге қарай бетбұрысына қуанып, туған-туыспен, достармен бірге мереке ретінде тойлайтын болған. Бұл мереке әсіресе тәуелсіз Қазақстан халқының қазіргі экономикалық тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да жаңару мен рухани жаңғыру тұсында өте өзекті болып тұр!

Көктемнің осынау бір шуақты мерекесі күндері университет ұжымына тамаша табыстар тілеп, алдағы бастамаларға әрқашан дайын болуға және университет алдында, тұтас ел алдында тұрған міндеттерді орындау жолына студенттерді де жұмылдыруға шақырамын.

Биылғы жыл – Жастар жылы екенін ескерсек, студент-жастарға жол көрсетіп, алға қарай дұрыс қадам басуға көмектесетін оқытушылар мен профессорлар қатарына жаңа міндеттер жүктеледі, өйткені Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуі жолында дәл осы өскелең ұрпақтың атқаратын рөлі өте зор. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Қазақстанның біз жетпеген шыңдары әлі де баршылық, сондықтан да әрқайсымызды жаңа міндеттер мен жаңа жетістіктер күтіп тұр.

Құрметті достар! Наурыз мерекесі Сіздерге жаңа шабыт, жаңа шығармашылық табыс, жаңа бақыт әкелсін! Әр бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін!

 

Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің ректоры
Е. БЕЙСЕМБЕТОВ 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту