Ақпарат:

13 сәуір 2026 181

Нобель сыйлығының лауреаты Раеквон Чун: Қазақстан климаттық күн тәртібін жаңа экономикалық мүмкіндіктер жасау үшін сәтті пайдаланып отыр

Нобель сыйлығының лауреаты Раеквон Чун: Қазақстан климаттық күн тәртібін жаңа экономикалық мүмкіндіктер жасау үшін сәтті пайдаланып отыр

Satbayev International Conference 2026 («Сәтбаев оқулары») атты жыл сайынғы халықаралық конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Раеквон Чун Қазақстан мен Сәтбаев университетінің тұрақты даму күн тәртібін ілгерілетудегі еңбегін жоғары бағалады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа экономикалық мүмкіндіктер мен жұмыс орындарына айналдырып отырған көшбасшы елдердің қатарына кіреді.

Биылғы «Сәтбаев оқулары» «Климаттың өзгеруінің салдарын бейімдеу және азайтуға арналған технологиялар мен инновациялар» тақырыбына арналды және ол тұрақты даму саласы бойынша шешімдерді табу үшін ғылым мен мемлекет және бизнес өкілдерін біріктірді.

– Қазақстан пен университет тұрақты даму мәселелеріне осындай үлкен көңіл бөліп отырғаны маған қатты әсер етті, – деді Раеквон Чун. – Қазақстан «жасыл» экономикалық даму идеясын қолдап, «Жасыл көпір» тұжырымдамасын ұсынған алғашқы елдердің бірі бірі. Бүгінде бұл ел климаттық күн тәртібін экономикалық өсімге және жаңа жұмыс орындарын құруға айналдыруда көшбасшылық танытып отыр.

Өзінің «Turning Net-Zero into Growth and Job Creation Opportunities» атты негізгі баяндамасында Раеквон Чун көміртектік бейтараптыққа көшу тек экологиялық қажеттілік қана емес, сонымен қатар экономиканы технологиялық жаңғыртудың драйвері ретінде қарастырылуы тиіс екенін атап өтті. Ол университеттердің кадр даярлаудағы және тұрақты болашаққа арналған шешімдер әзірлеудегі рөліне баса назар аударды.

Пленарлық отырыс конференцияның негізгі тезисін бекітіп берді: климаттық сын-қатерлерге тиімді жауап беру тек ғылым мен мемлекет және бизнес күштерін біріктіру арқылы ғана мүмкін болады. Бұл ұстанымды форумда сөз сөйлеген Қанат Ерубаев, Арман Ашкин, Нұрсұлтан Қайынбаев, Нұрмұхамед Қартабаев, Қуаныш Омарбеков және академик Асқар Жұмаділдаев қолдады.

Конференцияның практикалық бөлігі Сәтбаев университетінің ғылыми жетістіктерінің көрмесімен ұсынылды. Онда энергетика, материалтану, цифрлық технологиялар және экология салаларындағы әзірлемелер көрсетілді. Қонақтар үшін университеттің ғылыми-зерттеу орталықтарына экскурсия ұйымдастырылып, заманауи зертханалар мен зерттеу инфрақұрылымы таныстырылды.

Осылайша, Satbayev International Conference 2026 «Сәтбаев оқуларының» халықаралық алаң ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді, өйткені мұнда жаһандық сын-қатерлер талқыланып, тұрақты болашаққа арналған шешімдер қалыптастырылады.

Нобель сыйлығының лауреаты Раеквон Чун: Қазақстан климаттық күн тәртібін жаңа экономикалық мүмкіндіктер жасау үшін сәтті пайдаланып отыр

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту