ОӘҚ белсенді жұмысы - мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін негіз болып табылады
Satbayev University «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының мамандары 2017 ж. 8 желтоқсан күні бірінші проректор, проф. А. Исағұлов Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі отырысына қатысты. Университеттен «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі д.т.н. К. Касенов ұсынылды.
Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару тәуелсіздігінің кеңеюі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыру, академиялық және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету бойынша университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту сияқты маңызды мәселелер кірді.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелерден басқа, мамандарды даярлаудың бағыттары және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жіктеуіші ұсынған кейбір мамандықтардың БҚСБ (ВОУД) пәндерінің тізімі талқыланды.
Кездесуге ҚР жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты, олардың мамандықтары ҚарМТУ жанындағы ОӘҚ-на кіреді.
5В073100-ТҚжҚОҚ мамандығы бойынша ҚазҰТЗУ-дың «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы Қ. Қасенов БҚСБ (ВОУД) пәні бойынша ұсыныстарын және 5В073100-ТҚжҚОҚ білім беру бағдарламасы ОӘҚ қабылданды.