29 наурыз 2023 2959

Оқу гранты: Satbayev University болашақ сәулетшілерді олимпиадаға қатысуға шақырады

Оқу гранты: Satbayev University болашақ сәулетшілерді олимпиадаға қатысуға шақырады

2023 жылғы 20-21 сәуір аралығында Satbayev University аумағында "Сәулет" мамандығы бойынша университетке түсуді жоспарлап отырған талапкерлер үшін дәстүрлі олимпиада өтеді. Олимпиада "Сызу" және "Сурет салу" шығармашылық пәндер кешені бойынша күндізгі форматта өтеді. Олимпиада жеңімпаздары Satbayev University-де оқуға ректорлық грант алады.

Олимпиаданың екі кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталады:

  • 1-дәрежелі – ректорлық грант берілетін бір орын;
  • 2-дәрежелі – ректорлық грант берілетін бір орын;
  • 3-дәрежелі – ректорлық грант берілетін бір орын.

Барлық қатысушылар Satbayev University "Сәулет" кафедрасының білім беру бағдарламаларына түсу кезінде сертификат пен артықшылыққа ие болады.

Олимпиадаға 11 сынып оқушылары қатыса алады

  • орта жалпы білім беретін мектептердің;
  • бейіндік сәулет-көркемсурет сыныптардың;
  • көркемсурет үйірмелері, орталықтар, клубтар және басқа да қосымша көркемдік-эстетикалық білім беру ұйымдары.

Олимпиадаға қатысушылар міндетті түрде сызу және сурет салу бойынша тапсырмаларды орындайды. Екеуінің ішінен бір пәнді таңдауға жол берілмейді.

Көлік шығыстарын төлеу және олимпиадаға қатысушылардың және оларды алып жүретін адамдардың олимпиаданы өткізу орнына және кері қарай тұруы, шығыс материалдарын сатып алу дербес жүзеге асырылады.

Олимпиадаға тіркелу үшін өтінім мен сауалнаманы электрондық поштаға жіберу қажет: archkaf@satbayev.university

Ұйымдастыру комитеті: тел.: +7(727) 292 57 03, e-mail: archkaf@satbayev.university

 

Олимпиада материалдарын жүктеу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту