Оқуға ақша төлеп шаршадыңыз ба? Онда Қазақстандағы ең үздік техникалық оқу орнына грантқа ауысыңыз!
Сәтбаев университеті бакалавриаттың 1–3-курсындағы барлық мамандықтарына гранттық негізде оқуға байқау жариялайды. Дәл осы қазір Сіз ол грантқа ие болып, ауысу құжаттарын рәсімдеп, жаңа оқу семестрінен бастап елдегі алдыңғы қатарлы техникалық оқу орнында оқуыңызды жалғастыра аласыз.
Ауысу кезінде қойылатын ең басты талап – Сіздің оқып жүрген мамандығыңыз бен ауысып жатқан мамандықтың сәйкес келуі. Яғни, егер Сіз қазір «Металлургия» мамандығы бойынша білім алып жатқан болсаңыз, Сәтбаев университетіне тек сол «Металлургия» мамандығына ғана ауыса аласыз.
Сәтбаев университетінде грантты қалай алуға болады?
1 қадам. Байқауға қатысу үшін Сіздің GPA деңгейіңіз ең төменгі деңгей талабына сәйкес келуі керек. Ең төменгі GPA деңгейі – 3,0.
2 қадам. Грантқа ұсынылған мамандықтар тізімімен танысып, өзіңізге қажетті мамандықты таңдап алыңыз. Содан кейін ауысуға өтініш беру үлгісін жүктейсіз.
3 қадам. Құжат рәсімдеу: транскрипті толтырып, оның дұрыстығын өз университетіңіздегі кеңседе куәландырыңыз, ауысуға өтінішті қолмен жазып, өз жеке куәлігіңіздің көшірмесін жасаңыз.
4 қадам. Осы құжаттарды Сәтбаев университетінің Тіркеу кеңсесіндегі 3-терезеге 2018 жылдың 5 қаңтарына дейін апарып тапсырыңыз. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22.
Сіздің өтінішіңіз 5 жұмыс күні аралығында қаралады. Егер де өтінішіңіз талаптарға сәйкес келген болса, біз ауысуыңыз жөнінде Сіздің университетті хабардар етеміз.
Құжаттарды ертерек тапсырыңыз, өйткені грант саны шектелген – әрине, кім ертерек қимылдаса, соның ақысыз, тегін білім алуға мүмкіндігі зор.
Транскрипт деген не?
Транскрипт – Сіздің оқу үлгеріміңіз жөніндегі құжат. Онда Сіздің қай курста қандай пән өткеніңіз және қанша сағат өткеніңіз жайлы, сондай-ақ өткен курстардағы алған бағаларыңыз жайлы толық ақпарат беріледі. Бұл Сәтбаев университеті мамандарына Сіздің оқу үлгеріміңіз жайлы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Оны Сіздің университеттің Тіркеу кеңсесінен аласыз. Сондай-ақ транскрипті өз бетіңізше толтырып, оқу орны кеңсесінде куәландыруға да болады.
Грант тек техникалық жоғары оқу орындарының 1–3-курс студенттеріне ғана беріледі. Құжаттар 2018 жылдың 5 қаңтарына дейін ғана қабылданады.
Құжат қабылдау:
Электронды түрде мына эл. мекен-жайға: call-center.2016@mail.ru, rae83@mail.ru және қағаз жүзінде мына мекен-жайда: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22. Тіркеу кеңсесінің ғимараты, 3-каб., 2018 жылғы 5 қаңтарда сағат 17.00-ге дейін қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша мына call-center.2016@mail.ru эл. мекен-жайға немесе 8 (727) 257 71 16 (call center) телефоны арқылы хабарласыңыздар.
Ауысу жөніндегі өтініштің үлгісі.
11.12.2017 жылы белгілі болған гранттар тізімі:
Шифр |
Мамандық атауы |
Грант бойынша бос орындар саны |
||
1-курс (2017 ж/т) |
2-курс (2016 ж/т) |
3-курс (2015 ж/т) |
||
5В012000 |
Кәсіби оқу |
1 |
|
|
5В042100 |
Дизайн |
1 |
|
|
5В060200 |
Информатика |
3 |
||
5В070100 |
Биотехнология |
3 |
|
|
5В070200 |
Автоматизация және басқару |
11 |
|
|
5В070300 |
Ақпараттық жүйелер |
3 |
3 |
|
5В070400 |
Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету |
6 |
6 |
|
5В070600 |
Геология және пайдалы қазбаларды барлау |
1 |
21 |
5 |
5В070700 |
Тау-кен ісі |
17 |
7 |
|
5В070800 |
Мұнай-газ ісі |
29 |
24 |
|
5В070900 |
Металлургия |
9 |
21 |
|
5В071000 |
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
2 |
|
|
5В071100 |
Геодезия және картография |
1 |
|
|
5В071200 |
Машина жасау |
1 |
42 |
19 |
5В071300 |
Көлік, көліктік техника және технологиялар |
8 |
5 |
|
5В071600 |
Құрал-жабдық жасау |
4 |
12 |
|
5В071800 |
Электроэнергетика |
3 |
8 |
|
5В071800 |
Электроэнергетика (қысқартылған оқу әдісі бойынша) |
1 |
1 |
|
5В071900 |
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар |
2 |
4 |
|
5В071900 |
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (қысқартылған оқу әдісі бойынша) |
1 |
|
|
5В072000 |
Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы |
6 |
|
|
5В072100 |
Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
2 |
||
5В072200 |
Полиграфия |
1 |
||
5В072400 |
Технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар (сала бойынша) |
15 |
4 |
|
5В072500 |
Ағаш өңдеу және ағаш бұйымдары технологиясы |
5 |
|
|
5В072900 |
Құрылыс |
1 |
11 |
8 |
5В072900 |
Құрылыс (қысқартылған оқу әдісі бойынша) |
1 |
|
|
5В073000 |
Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өңдеу |
9 |
6 |
|
5В073100 |
Өмір қызметінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау |
1 |
||
5В073200 |
Стандартизация, сертификация және метрология (сала бойынша) |
3 |
||
5В073700 |
Пайдалы қазбаларды байыту |
2 |
|
|
5В073800 |
Материалдарды қысым арқылы өңдеу технологиясы |
8 |
3 |
|
5В075200 |
Инженерлік жүйелер және желілер |
2 |
2 |
|
5В080500 |
Су ресурстары және су пайдалану |
6 |
8 |
* қ/б – қазақ бөлімі, о/б – орыс бөлімі, а/б – ағылшын бөлімі.