16 мамыр 2017 9701

Олимпиада жеңімпазы «Ректор грантына» ие болды

Олимпиада жеңімпазы «Ректор грантына» ие болды

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты 10–24 сәуір аралығында республиканың 11-сынып оқушылары арасында онлайн тәртібінде математика пәнінен олимпиада ұйымдастырып, өткізген болатын. Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ректоры грантын алу үшін өткізілген жарыстың нәтижесі бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар іріктелді. Олимпиаданың басты мақсаты – мектеп оқушыларының білімге талпынысын оятып, таланттарын ашу, үздік оқушыларға қолдау көрсету және білімге құштарлығын ояту.

Сонымен, 12 мамырда ҚазҰТЗУ-дың Қазақстан-Корей ғылыми-білім беру орталығында республикалық олимпиаданың ақтық сыны өткізіліп, оның қорытындысы бойынша, Ақтөбеден келген Жандос Барсай есімді оқушы «ҚазҰТЗУ Ректоры грантына» лайық деп танылды.

ҚазҰТЗУ-дың академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков жеңімпазға «Ректор грантын» салтанатты түрде табыс етті. «Ректор грантына» ие болған Жандос Барсай биылғы жылы ҚазҰТЗУ-дың Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтына грант негізінде тегін оқуға құжаттарын тапсыратынын айтты.

грант ректора

олимпиада в казниту

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту