6 наурыз 2025
1420
«Өндірістегі және логистикадағы Жасанды интеллект» тақырыбында қонақ дәрісі

2025 жылғы 27 наурызда сағат 15.00-де 316 МҒ-да Магдебург қ. Отто-фон-Герике университетінің профессоры Себастьян Ланг (Германия) "Өндіріс пен логистикадағы жасанды интеллект" тақырыбында қонақ дәріс оқиды.
Дәріс ағылшын тілінде өтеді.
Себастиан Ланг туралы қысқаша ақпарат:
- Магдебургтегі (Германия) Отто-фон-Герике университетінің профессоры.
- Fraunhofer IFF институтының жасанды интеллект зерттеушісі.
- Ғылыми қызығушылықтары - "Өндірісте және логистикада жасанды интеллектті қолдану"
- Инженер-докторы (Dr.-Ing.) "Жасанды интеллект" бағыты бойынша
- Ғылым магистрі (M. Sc.) "Өнеркәсіптік инжиниринг және басқарушылық логистика" мамандығы бойынша
Жарияланымдар: рейтингтік журналдардағы 54 мақала
Хирш Индексі -12