Ақпарат:

19 маусым 2025 152

Орталық Азия БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін бірігуде

Орталық Азия БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін бірігуде

Алматы қаласы осы аймақта БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету орталығына ресми түрде айналды: қалада UN Global Compact (БҰҰ Жаһандық шарты) өңірлік желісінің кеңсесі ашылды, әрі ол Орталық Азияның бес елін қамтитын болады. Бұл жаңа құрылым осы өңірде тұрақты дамуды ілгерілету мақсатында бизнесті, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарды біріктіретін алаңға айналады.

Кеңсені ресми түрде іске қосуды бастамас бұрын өңірде бизнесті тұрақты жүргізу мәселесі бойынша жұмыс талқылауы өтті, оған мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі міндетін атқарушы Стивен О'Малли кездесуді салтанатты түрде ашып, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде жеке сектор – бизнесті жауапты басқару, көміртегі ізін азайту және жергілікті қауымдастықтарды қолдау арқылы негізгі серіктес болып қала беретінін атап өтті.

«Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде бизнес инновациялар, инвестиция және экономикалық өсу арқылы маңызды рөл атқаратын болады. Компаниялар өз қызметтерін Тұрақты даму мақсаттарымен келісе отырып жүргізгенде, олар ұзақ мерзімді құндылыққа қол жеткізіп, тұрақты және әділ болашақ қалыптастырады», – деді О'Малли мырза.  

Орталық Азия БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін бірігуде

БҰҰ Жаһандық шартының Орталық Азиядағы атқарушы директоры Динара Сейітжапарова қоғамда тұрақты дамуды қалыптастыру үшін, оған тек бизнес қана емес, сонымен қатар академиялық қауымдастықтың да араласуы өте маңызды деп санайды:

«Жеке сектор – Тұрақты даму мақсаттарының күн тәртібіндегі негізгі қозғаушы күші болып табылады. Алматыда бұл жұмысқа қаржы секторы, өнеркәсіп пен білім беру саласы белсенді түрде атсалысуда. Оның ішінде Сәтбаев университеті де Жаһандық шарт қағидаттарын насихаттай отырып, өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми тәжірибесімен бөлісуге дайын», – деп атап өтті Динара Сейітжапарова.

БҰҰ Жаһандық шарт бастамасы Алматы қаласы әкімдігінің және БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылды, әрі тұрақты және жауапты бизнес жүргізу қағидаттарын ілгерілетуде Орталық Азия компанияларының көп жылғы еңбегі мен белсенді түрде қатысуының нәтижесі болып отыр. Бүгінгі таңда бұл бастамаға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан 130-дан астам компания қосылды.

БҰҰ-ның Жаһандық шартының көп елдік желісін іске қосу рәсіміне арналған салтанатты жиынға БҰҰ Жаһандық шартының жаһандық операцияларының жетекшісі Оле Лунд Хансен қатысты. Жаһандық бұл бастама инвестиция мен халықаралық ынтымақтастық үшін және осы аймақта тұрақты даму стандарттарын ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Соңғы үш жылда бастамаға қатысушылар саны бес еседен астам өсті, бұл аймақта бизнестің өсіп келе жатқанын және олар жаһандық тұрақты даму стандарттарын ұстануға талпынып отырғандарын көрсетеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту