6 мамыр 2022 4794

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Қымбатты әріптестер, студенттер, офицерлер, Әскери іс институтының қызметкерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан даңқты дәстүріне және еліміздің қауіпсіздігін сақтауды, Қазақстан Тәуелсіздігін қорғауды өмірлік міндеті деп санайтын патриот жандарға арналған.

Бүкіл тарих бойы туған жерін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен батылдықпен қорғай білген ата-бабаларымыздың даңқты дәстүрін бүгінгі ұрпақ лайықты түрде жалғастыруда. Университеттің Әскери іс институтында ұлдар ғана емес, қыздар да ардақты оқытушылардың жетекшілігімен Отан қорғаушылар қатарында әскери білім алып, отансүйгіштік пен елге адал қызмет етудің озық дәстүрлерін жалғастырып келеді.

Әскер қатарындағы барлық азаматтарға зор денсаулық, аманшылық тілеймін және Отан қорғау ісінде тек құрметке бөлене берулеріне тілектеспін! 

Игі құрметпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту