20 наурыз 2024 3002

«Отбасы банктің» сарапшылары Сәтбаев Университетінің студенттеріне жұмысқа орналасу туралы дәріс оқыды

«Отбасы банктің» сарапшылары Сәтбаев Университетінің студенттеріне жұмысқа орналасу туралы дәріс оқыды

Мереке қарсаңында Сәтбаев Университеті IT саласының білікті мамандарын қарсы алу құрметіне ие болды, мамандар студенттерге «Отбасы банкінің» жұмысы туралы айтып беру үшін университетке арнайы келді. «Отбасы банкі» АҚ HR-бөлімінің басшысы Олеся Позняковская мен IT-бөлімінің басшысы Наиль Рахматуллин банкте әзірлемеші қалай жұмыс істейтінін және еш тәжірибесіз қалай жұмыс табуға болатыны жайлы айтып берді.

Бұл қызықты дәрісті Мансап орталығы ұйымдастырды. Осы шара аясында студенттер банк секторына жұмысқа орналасудың қыр-сырын білуге ​​тамаша мүмкіндік алды. Дәріс спикерлері осы салада бағаланатын негізгі дағдылар мен қасиеттерге тоқталып, сұхбаттан сәтті өту құпияларымен бөлісті. Сонымен қатар студенттер банк саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша жұмыс мүмкіндіктері туралы біліп алды. Сарапшылар банк мекемесінде бағдарлама әзірлеуші болып жұмыс істеудің күрделілігі мен қиындықтарын сәтті түрде еңсеру жолдары туралы айтып, өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті.

Дәріс сонымен қатар студенттерге банк саласындағы мансап мүмкіндіктері мен даму перспективалары туралы біліп шығуға ​​тамаша мүмкіндік болды. Спикерлер осы динамикалық салада табысқа жету үшін үнемі кәсіби даму үстінде болып, үздіксіз оқудың маңыздылығын да атап өтті.

Жиын соңында «Отбасы банкінің» өкілдері Сәтбаев Университетінің студенттерін банкте тағылымдамадан өтуге шақырды. Бұл тамаша ұсыныс студенттерімізге елдегі жетекші банктердің бірінде практикалық тәжірибе алу үшін және кәсіби тұрғыдан өсу үшін кең мүмкіндіктер береді.

nk invited students of Satbayev University to practice. This valuable offer opens up wide opportunities for our students to gain practical experience and professional growth in one of the leading banks in the country.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту