Ақпарат:

27 наурыз 2026 177

Өтетін «Металлургия» мамандығы бойынша студенттік пәндік олимпиадаға шақырамыз

Өтетін «Металлургия» мамандығы бойынша студенттік пәндік олимпиадаға шақырамыз

Сәтбаев Университеті базасында 2026 жылғы 27-28 сәуірде Алматы қаласында "Металлургия" мамандығы бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Олимпиадаға қатысуға ЖОО ішіндегі кезеңнің жеңімпаздары болып табылатын 2-4 курс студенттерін (ЖОО-дан 3 адамнан артық емес) шақырамыз.

«Металлургия» мамандығы бойынша Олимпиадаға арналған пәндер:

  • Жалпы металлургия;
  • Металлургиялық процестер теориясы;
  • Металлургиялық өндіріс технологиясы.

Әрбір қатысушы ЖОО тек бір команда жібереді.

Олимпиада бағдарламасы:

27 сәуір: тіркелу, олимпиаданың ашылуы, тапсырмаларды орындау.

28 сәуір: қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау, олимпиаданың жабылуы.

Қатысу шарттары:

Өтінімдер 2026 жылғы 17 сәуірге дейін электрондық мекенжайларға қабылданады: m.barmenshinova@satbayev.university және y.tazhiyev@satbayev.university

Өткізу орны: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22, ЖТҒ 31.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту