21 сәуір 2026
553
«Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» спектаклінің жаңа қойылымы
Сәтбаев университетінің театры «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» спектаклінің жаңа қойылымына шақырады!
Өтетін күні мен уақыты: 24 – 25 сәуір, сағ. 19:00, Сәтбаев университетінің Акт залы.
Билет бағасы: 3000 тг.
Спектакль – 1970-жылдардағы Политех студенттері туралы шынайы оқиғаға негізделген, сол кезеңге саяхат ретінде құрылған қойылым. Бұл – махаббат пен достық туралы, музыка мен жастық шақтағы шығармашылық шабыт туралы хикая. Ал «Дос-Мұқасан» тобының осы пьесаға арнап жазған әндері мұнда жаңа сипатқа ие болып, жаңаша музыкалық әрі сахналық форматта ұсынылады.
Оны не үшін көру керек? Өйткені:
- Политехтың тарихымен тереңірек танысасыз;
- «Дос-Мұқасан» ансамблінің сүйікті әндерін жаңаша орындауда тыңдайсыз;
- Уақыт кеңістігіне сапар шеккен нағыз саяхатшы адамдай сезінуге мүмкіндік аласыз.



