5 сәуір 2023 7811

Перевод на каз.яз. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік азаматтарға арналған гранты - 2023

Перевод на каз.яз. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік азаматтарға арналған гранты - 2023

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелдік студенттерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ студенттерге де білім грантын ұсынады.

Бағдарлама бойынша студенттер тегін оқумен және оқу үлгеріміне қарай ай сайынғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Құжаттарды онлайн қабылдау 2023 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.

Бағдарлама негізінде еліміздің таңдаулы жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға болады. Сәтбаев Университеті осы бағдарламаның негізгі бір бөлігі болып саналады.

Грантта қарастырылған:

  • оқуға белгіленген мерзім аралығында таңдап алынған білім беру бағдарламасы бойынша тегін білім алу;
  • оқуға белгіленген мерзім аралығында студенттің оқу үлгеріміне қарай ай сайынғы шәкіртақымен қамтамасыз ету.

Грантта қарастырылмаған:

  • көлік шығындары;
  • тұрғылықты мекені;
  • виза және медициналық сақтандыру шығындары.

Грант конкурстық негізде таратылады – оқуға түсудің ең төменгі талаптарына сай келетін үміткерлер қажетті құжаттарды ұсынады, онлайн тестілеуден және онлайн сұхбаттан өтеді. Конкурс жеңімпаздары өздерінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының кез келген ЖОО-на оқуға түседі.

Толық ақпарат және құжат қабылдау

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту