20 маусым 2018
12826
PhD докторантураға түсуге талап етілетін еңбек өтілі қысқартылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 109 Қаулысына «өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 335 Қаулысына сәйкес, докторантураға кемінде 1 жыл еңбек өтілі және «магистр» дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
Осыған сәйкес, Сәтбаев Университеті PhD докторантурада ғылыми қызметін жалғастырғысы келетін барлық тұлғаларды оқуға шақырады.