Ақпарат:

21 желтоқсан 2022 5458

Профессор-оқытушылар құрамы мен директор орынбасарларының бос лауазымдық орындарына конкурс бойынша құжат қабылдау басталды (2022 жыл, желтоқсан)

Профессор-оқытушылар құрамы мен директор орынбасарларының бос лауазымдық орындарына конкурс бойынша құжат қабылдау басталды (2022 жыл, желтоқсан)

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (Сатбаев Университет) профессор-оқытушылар құрамының, оның ішінде институт директорларының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер бос орындарына конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі - 2023 жылғы 04 қантар, сағат 17.00 дейін. Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.

 

Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш (үлгіні толтыру кезінде автоматты түрде жасалады);
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Байланыс деректері көрсетілген жеке сауалнама (толтыру нысаны сайтта қол жетімді);
  4. Қажетті кәсіптік білімін растайтын, белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар (нотариалды немесе алдыңғы жұмыс орны бойынша): салыстырып тексеру үшін жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (қосымшамен/транскриптпен), академиялық /немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;
  5. Соңғы 3 жылдағы дәріс оқитын пәндер бойынша кемінде 72 сағат көлемінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы курстар сертификаттарының көшірмелері, білім берудегі менеджмент сертификаты, шетелдік тағылымдама туралы сертификат ((бар болса) және т.б.;
  6. Үміткерлердің еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  7. Әрбір жобадағы өз рөлін көрсете отырып, соңғы 5 жылда орындалған ғылыми жобалардың, ғылыми еңбектердің және зияткерлік меншікке арналған патенттердің (өнертабыстардың) жұмыс орны бойынша куәландырылған тізімі.     

Үміткерлер сондай-ақ, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты өзге де құжаттарды (ұсыным хаттар, мінездемелер, тілдік даярлық туралы сертификаттардың, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістіктерін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

Құжаттарды онлайн тапсыру кезінде құжаттардың сканерленген көшірмелері ұсынылады, салыстыру үшін барлық құжаттардың түпнұсқалары да университетте әңгімелесу кезінде конкурсқа ұсынылады.

 

Маңызды! Электрондық поштаңызға өтіп, SU сайтынан хабарландыру электрондық поштасын ашыңыз және электрондық поштадағы сілтемені орындаңыз. Егер сіз мұны жасамасаңыз, өтінім қабылданбайды.

Конкурсқа құжаттар тек pdf немесе word форматында қабылданады, әрбір файлдың көлемі 20 МБ аспайды. Маңызды! Басқа форматтағы құжаттарды, сондай-ақ ұялы телефонмен түсірілген фотосуреттерді ұсынуға тыйым салынады. Комиссия форматқа сәйкес берілмеген өтінімді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

 

Сәтбаев Университетіндегі бос орындар тізімі

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар

Анкетаны жүктеу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту