23 мамыр 2019 30880

Политех 10 жылдан кейін қайтадан үздік атанды

Политех 10 жылдан кейін қайтадан үздік атанды

Қазақстанда техникалық білім беретін жоғары оқу орындары арасында жүргізілген Ұлттық рейтинг бойынша Сәтбаев университеті үздік атанды. Білім саласының сапасын қамтамасыз ететін Қазақстандық тәуелсіз IQAA-Ranking агенттігі Сәтбаев университетінің білім беру деңгейін 100 балл мүмкіндіктен 95,78 баллға бағалады. Бұл рейтинг бойынша екінші орынға ие болған Қазақ-Британ техникалық университетінің көрсеткішінен 3,88 баллға жоғары.

IQAA рейтингі кешенді болып саналады, ал бағалау кезінде оқу орнының академиялық қызметі, студенттердің сабақ үлгерім көрсеткіштері, профессорлы-оқытушылар құрамының жұмыстары, жұмыс берушілердің абырой-мансабы және тәуелсіз эксперттердің пікірі есепке алынады.  

Аталмыш рейтинг академиялық статистикалық көрсеткіштердің анализі, эксперттердің бағалауы және жұмыс берушілер жүргізген сауалнаманегізінде құрылады. Ал институттық рейтингті есептеу әдістемесі үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады, соның екеуі бойынша Сәтбаев университеті ең жоғары балл көрсеткіштеріне ие болып отыр.

Бірінші құрамдас бөлік – жоғары оқу орнының академиялық ресурстар сапасын бағалау, оған жалпы балл санының 70% бөлінеді. Оқу орны IQAA-Ranking агенттігіне бастапқы деректерді ұсынады, ол деректер әртүрлі әдістер арқылы толық тексеріледі. Олардың бір бөлігін IQAA оқу орнына мүлдем қатысы жоқ дереккөздер арқылы тексереді.

Екінші құрамдас бөлік ретінде жоғары оқу орны қызметі сапасының орташа есептелген атақ-дәрежесінің эксперттік бағасы алынады. Яғни, IQAA-Ranking оқу орнының эксперттік пул көрсеткішін анықтайды. Бұл көрсеткіш бойынша Сәтбаев университеті ең жоғары 150 балл жинады.

Үшінші құрамдас бөлік жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдар жүргізген әлеуметтік сауалнамалар негізінде жоғары оқу орны қызметіне баға береді. Бұл көрсеткіш бойынша оқу орнының беделі анықтады, Сәтбаев университеті бұдан да ең жоғары балл жинады.

IQAA-Ranking рейтингісі бойынша үздік атану – Сәтбаев университетінің соңғы бірнеше жылдардағы жемісті еңбегінің жемісі. Осы жылдарда университет талантты түлектердің жаңа ұрпақтарын тәрбиелеп, оларға кәсіби білім беріп шығарды. Бүгінгі күні Сәтбаев университеті ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысып, оған 70%-дан астам профессорлар мен жас оқытушыларды жұмылдырып отыр. Университет «Web of Science Core» жинағындағы ғылыми жарияланымдар үздігі» номинациясы бойынша «Ғылым үздігі» атақты сыйлығын жеңіп алды. Бұл сыйлық университетке беделгі мәліметтер базасында жарық көрген мақалалар көлемі үшін берілді. Атап айтқанда, тек соңғы 5 жыл ішінде ғана Политех ғалымдары Scopus мәліметтер базасында 841 мақала, ал Web of Science базасында – 575 мақала жариялады.

Соңғы үш жылда университеттің қатысуымен төрт ғылыми-өндірістік құрылым ашылды, атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен бірлесе отырып ашылған Халықаралық атом өнеркәсібі «МЕНОЦАП» ғылыми-білім беру орталығы; Baker Hughes a GE Company трансұлттық кәсіпорнымен бірлесе отырып ашылған кен орындарын өңдеу және анализдеу жөніндегі «МЦАРМ» орталығы; Қарағанды облысының шахталарында метан өндіру және өңдеу жөніндегі «Satbayev University & ArcelorMittal Gas Production» бірлескен кәсіпорны; «Сандық техника және технологиялар институты», оның негізгі қызметі мемлекет пен бизнеске арналған ІТ-жобаларды өңдеу болып табылады.

«Еңбегімізге лайықты абырой-атаққа ие бола отырып, біз Қазақстанның Тұңғыш Президенті алдымызға қойған міндеттерге сай жасалған жоспар бойынша әрі қарай даму жолына түсеміз. Ендігі міндет – университет базасында еліміздегі ең ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру», – деді Сәтбаев университетінің ректоры Искандер Бейсембетов. 

IQAA ranking

Политех 10 жылдан кейін қайтадан үздік атанды

Политех 10 жылдан кейін қайтадан үздік атандыПолитех 10 жылдан кейін қайтадан үздік атанды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту