4 тамыз 2022 3107

Политех талантты үміткерлердің білім алуына көмектеседі

Политех талантты үміткерлердің білім алуына көмектеседі

Сәтбаев Университетінің өндірістік компаниялармен өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы университет студенттеріне арналған демеушілік бағдарламасы аясында жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Биылғы оқу жылында өндіріс орындарының өкілдері таңдап алған дарынды ұл-қыздары, яғни Сәтбаев Университетінің бірінші, екінші және үшінші курс студенттері үшін оқу ақысы толық төленеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптарды жер қойнауын пайдаланушы компаниялар құрастырды, Қазақстанның өндіріс орындарына жақын орналасқан өңірлерінен тікелей келген студенттерге көбірек басымдық берілді. Яғни, оқу грантын жеңіп алған студенттер оқуын аяқтаған соң, өзінің туған жерінде тезірек жұмыс тауып алады.

Бағдарлама бойынша барлығы 234 студент жеңіп шығып, 6 өндірістік компаниядан грант ұтып алды: «АППАК»,  «Lucent Petroleum», «Phystech II», «ИЛФ Қазақстан», «Oil Reloading Corp.» және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз». Ал әйгілі Политех оларға бір-бірін тауып алуға көмектесті! Құттықтаймыз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту