25 қазан 2019 3426

«Полиция академиясындағы бір күн»

«Полиция академиясындағы бір күн»

2019 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясының ұйымдастыруымен «Полиция академиясындағы бір күн» атты ғылыми-практикалық іс-шара өткізілді. Оған Сәтбаев университетінің студенттері белсене қатысты.

Іс-шараны өткізу барысында «Қылмыссыз әлем» тақырыбында қызу талқылау өткізілді, қорғанудың белсенді және енжар түрлерін қолданумен теориялық және практикалық сабақтар жүргізілді.

Іс-шараға қатысушылар бронежилеттерді қолдану, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету, самбоның жауынгерлік тәсілдерімен танысу бойынша алғашқы практикалық дағдылар алды. Барлық қатысушылар атыс дайындығының қысқаша курсынан өтті, қару-жарақ бойынша арнайы бағдарламаны көріп, ішкі істер бөлімдерінің қарулануындағы қару-жарақтармен таныстырылды.

Запастағы полковник Арсен Темірханович Каржавовтың басшылығымен Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті студенттерінің командасы іс-шараға қатысқан 4 команданың арасынан жүлделі 2-орынды иеленді.

Студенты Satbayev University приняли участие в мероприятии Алматинской академии МВД РК

 

Студенты Satbayev University приняли участие в мероприятии Алматинской академии МВД РК

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту