Президент атаған Жастар жылына жастар ұйымдары қолдау көрсетуде
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылы 23 қаңтарда Қазақстанда Жастар жылының басталғаны туралы мәлімдеді. Бұл іс-шараға Үкімет мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, жергілікті атқару органдарының басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, жұмысшы, студент және шығармашылық жастар ұйымдарының өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, қазіргі заманғы медиа саласының өкілдері, балалар үйінің түлектері мен оқушылары, жас әскери мамандар және ерекше талаптарды қажет ететін жастар қатысты.
Жасалып жатқан мемлекеттік бастамалардың барлығы жастардың болашағына, «алға ұмтылған елдердің артында қалып қоймауға тырысатын белсенділерді даярлауға» бағытталғаны туралы Елбасы атап өтті.
«Қазіргі қазақстандық жаңа, жас ұрпақ – Қазақстанның қол жеткізген ең басты жетістігі, менің мемлекеттік басшысы ретінде талай жыл қызмет еткен еңбегімнің жемісі деп білемін. Мен бүгін сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын және Қазақстанда Жастар жылының басталуымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Әрине, Қазақстанның болашағы сіздерге, сіздердің патриоттық рухтарыңызға, алған білімдеріңізге, тіпті сіздердің энергияларыңызға тікелей байланысты. Мен мұны Қазақстанның бүкіл жастарына айтып отырмын», – мемлекет басшысы елде Жастар жылының басталуына орай өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты жиын барысында.
Сонымен қатар Жастар жылының ашылу салтанатына орай «Жаңғыру жолы» және «Жас Ұлан» жастар ұйымы жастарға арналған патриоттық event-жобасын әлеуметтік желілерде іске қосуды ұсынды, сонда қазақстандық әрбір азамат Президент бастамасына қолдау көрсете алатын болады, деді олар. «Қазинформ» ақпарат агенттігі жастардың бұл идеясын қолдап, әлеуметтік желілердегі өздерінің аватаркасында осы патриоттық ақпараттарды орналастыру үшін арнайы сайт ашып қойды. Бұл ақпараттарды қазақстандық әрбір азамат «Жастар» сайтынан жүктеп ала алады.
Сондай-ақ Жастар жылы аясында елдегі мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталатын көптеген іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр. Соның алғашқысы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ерікті студенттердің (волонтерлер) шәкіртақыларын көтеруді ұсынды. Бұл туралы Президент Жастар жылының басталуына орай өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты жиында ұсыныс жасады.