16 қараша 2022 2965

Президент Сәтбаев Университетінің магистранты Әділхан Төлепбергенді марапаттады

Президент Сәтбаев Университетінің магистранты Әділхан Төлепбергенді марапаттады

16 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының бірқатар тұрғындарын марапаттады. Олардың арасында Сәтбаев Университетінің магистранты Әділхан Төлепберген де бар, ол «Шапағат» орденімен (белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі үшін берілетін «Қайырымдылық» ордені) марапатталды.

Әділхан Төлепберген – сәулетші, ол «Үздік түлек» төсбелгісі мен «Қазақстанның үздік студенті-2019» медалінің иегері. Әділхан Төлепберген қоғамдық өмірге мектеп қабырғасынан бастап белсенді түрде араласады. Ол бірқатар байқаулардың жеңімпазы, қалалық және университеттік деңгейде өтетін көптеген шаралардың ұйымдастырушысы. Сонымен қатар Әділхан – Satbayev University студенттер бірлестігінің «Satbayev Time» республикалық студенттік жобасының негізін қалаушы. Бұл бірлестік бірінші курс студенттеріне студенттік өмірге бейімделуге көмектеседі. Society of Petroleum Engineering, «Каспий ПетроКонгресс» халықаралық кәсіби ұйымының жетекшісі, бұл ұйым әртүрлі елдердің үздік студенттері мен мамандарын жинап, олар өз тәжірибелерімен бөліседі. Алматы қаласының студенттік үкіметімен бірлесіп, «Қаңтар оқиғасынан» кейінгі қоқыстарды тазарту жұмыстарын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Әділхан Төлепбергенді ел алдындағы елеулі жетістіктері мен ерекше қызметі үшін алған жоғары наградасымен құттықтайды!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту