29 шілде 2022 4842

Профессор-оқытушылар құрамы бос лауазымдарына орналасуға конкурс

Профессор-оқытушылар құрамы бос лауазымдарына орналасуға конкурс

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (бұдан әрі - ҚазҰТЗУ) профессор-оқытушылар құрамының, оның ішінде институт профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер бос штаттық орындарына конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 14 тамыз, 17.00 дейин (конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады).

Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш (үлгіні толтыру кезінде автоматты түрде жасалады);
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Байланыс деректері көрсетілген жеке сауалнама (толтыруға арналған үлгі сайтта қолжетімді);
  4. Қажетті кәсіптік білімін растайтын, белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар (нотариалды немесе алдыңғы жұмыс орны бойынша): салыстырып тексеру үшін жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық /немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары;
  5.  Соңғы 3 жылдағы дәріс оқитын пәндер бойынша кемінде 72 сағат көлемінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы курстар сертификаттарының көшірмелері, білім берудегі менеджмент сертификаты, шетелдік тағылымдама туралы сертификат және т.б. (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  6. Үміткерлердің еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары;
  7. Әрбір жобадағы өз рөлін көрсете отырып, соңғы 5 жылда орындалған ғылыми жобалардың, ғылыми еңбектердің және зияткерлік меншікке арналған патенттердің (өнертабыстардың) жұмыс орны бойынша куәландырылған тізімі.      

Үміткерлер сондай-ақ, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты өзге де құжаттарды (ұсыным хаттар, мінездемелер, тілдік даярлық туралы сертификаттардың, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістіктерін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

 

Сәтбаев Университетіндегі бос орындар тізімі

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар

Анкетаны жүктеу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту