Ақпарат:

8 желтоқсан 2023 3644

Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсы (2023 жылдың желтоқсаны)

Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсы (2023 жылдың желтоқсаны)

«Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ (бұдан әрі - ҚазҰТЗУ) профессор-оқытушылар құрамының, оның ішінде институт директорның орынбасар, мектеп басшысының орынбасар, кафедра меңгерушілер, профессорлар, зерттеуші профессорлар, қауымдастырылған профессорлар, аға оқытушылар, оқытушылар, ассистенттер бос штаттық орындарына конкурс жариялайды.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі - 2023 жылғы 21 желтоқсан, сағ.17:00 дейін.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады).

Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш (үлгіні толтыру кезінде автоматты түрде жасалады);
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Байланыс деректері көрсетілген жеке сауалнама (толтыруға арналған үлгі сайтта қолжетімді);
  4. Қажетті кәсіптік білімін растайтын, белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар (нотариалды немесе алдыңғы жұмыс орны бойынша): салыстырып тексеру үшін жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық /немесе ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары;
  5. Соңғы 3 жылда оқытылатын пәндер бойынша кемінде 72 сағат көлемінде қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың, шетелдік тағылымдамадан өткендігін растайтын сертификаттардың, білім берудегі менеджмент курстарының (бар болса), шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификаттардың және т.б. көшірмелері;
  6. Үміткерлердің еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;
  7. Әрбір жобадағы өз рөлін көрсете отырып, соңғы 5 жылда орындалған ғылыми жобалардың, ғылыми еңбектердің және зияткерлік меншікке арналған патенттердің (өнертабыстардың) куәліктерінің жұмыс орны бойынша расталған тізімі.
  8. egov.kz алатын анықтамалар: соттылығының болуы / болмауы, психиатриялық, наркологиялық есептің болуы / болмауы туралы, адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер, Қазақстан азаматтары үшін 075/Е және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін 028/Е медициналық анықтаманың көшірмесі.

Үміткерлер сондай-ақ, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты өзге де құжаттарды (ұсыным хаттар, мінездемелер, қатысушының кәсіби деңгейін, оның кәсіби саладағы үздік жетістіктерін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері және т.б.) ұсына алады.

 

Сәтбаев Университетіндегі бос орындар тізімі

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын кәсіби талаптар

Анкетаны жүктеу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту