Ақпарат:

24 қазан 2019 2612

Профессор Валерий Кульчицкий мұнай-газ өндірудің сандық супервайзингі туралы дәріс оқыды

Профессор Валерий Кульчицкий мұнай-газ өндірудің сандық супервайзингі туралы дәріс оқыды

Сәтбаев университетінің конференц-залында И.М.Губкин атындағы университеттің профессоры, т.ғ.д., академик мұнайшылар мен газовиктердің И.М.Губкин атындағы ғылыми-техникалық қоғамының төрағасы, Халықаралық ғылыми және инженерлік қоғамдық бірлестіктер одағы кеңесінің мүшесі, РЖҒА-ның және А.М.Прохоров атындағы Инженерлік ғылымдар академиясының академигі Валерий Владимирович Кульчицкий «Бұрғылау және мұнай-газ өндірудің сандық супервайзингі» атты дәріс оқыды. Профессор В.В.Кульчицкий университет студенттері мен оқытушыларының көптеген сұрақтарына жауап беріп, «Бұрғылау супервайзингіне сандық қашықтықтан интерактивті-өндірістік оқыту әдістемесі мен тәжірибесі» атты шеберлік сағатын өткізді.

Профессор В.В.Кульчицкий өзін дәріс оқуға шақырғаны үшін алғыс білдіріп, Геология, мұнай және тау-кен ісі институтының директоры, профессор Асқар Хамзаұлы Сыздықовқа «Қашықтықтан интерактивтік-өндірістік оқыту» әдістемелік құралы мен ТМД елдерінің арасында мұнай-газ өндірісінің тәжірибесі бойынша алғашқы «Мұнай және газ ұңғымалары құрылысының супервайзингі» атты кітапты табыс етті. Бұл кітапты профессор сондай-ақ Сәтбаев университетінің үздік докторанттары мен магистранттарына да таныстырды. Аталмыш кітаптың алты данасы университет кітапханасына тапсырылды.

Сол күннің екінші жартысында ТМД елдері арасындағы жетекші супервайзингтік кәсіпорын «ҒҒТ ҰӨО» АҚ-ы мен Қ. Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен ісі институтының ынтымақтастық қарым-қатынасы туралы келіссөздер жүргізілді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін кадрлық резервтегі бұрғылау супервайзерлерін даярлау және ұңғыма ішіндегі жұмыстарды қашықтықтан интерактивті-өндірістік оқытудың бірлескен полигонының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстардың есебі туралы сөз болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту