"Программалық инженерия" кафедрасы жасанды интеллект және машиналық оқытудың қолданбалы әдістері бойынша семинарға шақырады
2023 жылғы 08 желтоқсан, жұма күні Satbayev University-де Программалық инженерия кафедрасы ұйымдастырған «Жасанды интеллект және машиналық оқытудың қолданбалы әдістері» тақырыбында семинар өтеді.
Семинардың негізгі тақырыбы: «Несиелік скорингтегі MLOps». Іс-шара несиелік скоринг үлгілерін өндіріске енгізуге арналған танымал технологиялар стекіне қатысты мәселелерді қарастырады. Қамтылған технологиялар:
- mlflow
- docker
- evidently ai
- grafana
- Prometheus
- fast api
Баяндамашы: Науан Сарбасов. Отбасы банк программа құрушысы (цифрлық трансформация бөлімі) және Асака Банк бас талдаушысы (тәуекелдер бөлімі). ML инженері.
Семинар төрағалары: инж.ғ.д. профессор Мухамедиев Равиль Ильгизович, PhD, т.ғ.к., профессор Еримбетова Айгерим Сембековна. Хатшы: Сымагулов Адилхан.
Семинар аралас форматта өткізіледі: онлайн және оффлайн. Күні мен уақыты: 2023 жылғы 08 желтоқсан, 19:00. Мекен-жайы: Satbayev University, ТКМҒ 265 аудитория.
"Программалық инженерия" кафедрасының магистранттары мен докторанттарының назарына: магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ) және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы (ДЗЖ) үшін баллдар семинарға қатысу негізінде есептелетін болады.