QS EECA рейтингі бойынша Сәтбаев Университеті 64-орын алды
Сәтбаев Университеті әлемдік рейтинг бойынша жоғары көтерілуде. 15 желтоқсан күні QS (Quacquarelli Symonds) рейтингтік агенттігі QS Emerging Europe And Central Asia University Rankings 2022 университеттер рейтингісінің алтыншы нұсқасын шығарды. Сәтбаев Университеті өзінің көрсеткіштерін жақсартып, рейтинг бойынша 64-орында тұр.
Quacquarelli Symonds агенттігінің рейтингілері Academic Ranking of World Universities және Times Higher Education World University рейтингтерімен қатар әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі болып табылады. QS EECA рейтингі Европа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердің жоғары оқу орындарында оқудың сапасын бағалайды. Рейтингте университеттің ғылыми қызметі мен академиялық жетістігінің көрсеткіші, жұмыс берушілер арасындағы абыройы, интернет желісінде бейнелену деңгейі және халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынасы есепке алынады.