4 қараша 2022
3624
Reaxys химиялық базасы және IEEE XPLORE ғылыми-техникалық кітапхана қазір қолжетімді
Reaxys - журнал және патент көздерінен сарапшы химиктер таңдаған органикалық, бейорганикалық және металлорганикалық химия бойынша сенімді және беделді ақпараттың толық шолуын қамтитын химиялық қосылыстар мен реакциялардың деректер қоры.
Reaxys деректер қорында сіздер химиялық синтез, химиялық заттар мен биологиялық белсенділік туралы пайдалы ақпараттарды таба аласыз. Ресурс техникалық-экономикалық негіздемеге және коммерцияландыруға дейінгі зерттеулеріңіз кезіндегі әрбір қадамның ашылуынан бастап қолдайды.