Ректор 2025 жылғы Конституция күнімен құттықтайды

Құрметті студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің Конституция – Жаңа Әділетті Қазақстан құру жолында мемлекетіміздің негізі, баршаға тең мүмкіндік беретін қоғамның тірегі. Сәтбаев университеті жоғары білім мен ғылым жүйесін реформалауға белсене қатысып, қоғамдық өзгерістерге елеулі үлес қосуда, әрі сол өзгерістердің алдыңғы қатарында тұр.
Біздің ортақ міндетіміз – елдің конституциялық негіздерін, тәуелсіздігін, тұрақты дамуын және өркендеуін нығайтуға үлес қосатын, Отанын сүйетін жаңа буын инженерлер мен ғалымдарды тәрбиелеу.
Сіздерге зор денсаулық, күш-жігерге деген нық сенім, тың идеялар жасауға батылдық және оларды жүзеге асыруға қажетті күш-қуат тілеймін! Барлық отбасына бейбітшілік, татулық пен бақ-береке орнасын. Әрбір жаңа күніміз Қазақстанның жарқын болашағына жақындата берсін!
Мереке құтты болсын, достар!
Құрметпен,
Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев