5 маусым 2025
410
Ректор 2025 жылғы Құрбан айт мерекесімен құттықтайды!

Құрметті әріптестер, студенттер!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мұсылмандар үшін бұл қасиетті күні туған-туыстар мен достарды аралау, реніштерді кешіріп, жақсылықпен бөлісу, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп көмектесу дәстүрге айналған. Ендеше бұл мереке әрбір үйге тыныштық, құт-береке әкелсін!
Осы қасиетті күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, аманшылық, отбасының, қоғамның және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!
Құрбан айт қабыл болсын!
Құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев