Ректор 2026 жылғы Наурыз мейрамымен құттықтайды!
Құрметті студенттер! Қадірлі әріптестер!
Баршаңызды көктемнің ақжарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – рухани жаңару мен жаңғырудың, жаңа бастамалардың символы. Еліміз үшін Наурыз – халықты ұлттық құндылықтар төңірегіне жұмылдыратын, жаңа ғылым мен білімге, инновацияларға жетелейтін ерекше мереке.
Біз әрбіріңіздің Сәтбаев университетіне қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. Біздің жұмысымыз да наурыз көже секілді – көптеген құрамдас бөліктерден құралады, әрі олардың әрқайсысы өте маңызды, егер де бірі болмай қалса, нәтижеге жету мүмкін емес. Дәл осы бірлік арқылы келген білім мен тәжірибеден, дәстүр мен дамуға деген ұмтылыстан еліміздің болашағын айқындайтын инновациялық идеялар мен шешімдер туындайды.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, аманшылық және әрбір жаңа бастамаға шабыт тілеймін! Әр шаңыраққа бейбіт өмір, татулық пен шаттық орнасын. Ортақ үйіміз – Қазақстанымыз гүлденіп, дами берсін! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Сәтбаев университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев



