Ректор 2026 жылғы Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды
Құрметті әріптестер, студенттер, Әскери іс институтының офицерлері мен курсанттары!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – антына берік болып, Отанға адал қызмет етіп жүрген жандарға көрсетілетін құрметтің белгісі.
Біз Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік шекарасын абыроймен күзетіп, күн сайынғы әскери қызметін адал атқарып жүрген азаматтарға алғыс білдіреміз.
Сәтбаев университеті Әскери іс институтының офицерлерін, курсанттары мен түлектерін мақтан тұтады. Олар үшін ең басты құндылық – ар-намыс, шынайы отансүйгіштік пен жауапкершілік екені белгілі.
Осы тамаша мереке күні баршаңызға зор денсаулық, аманшылық, бейбітшілік пен ертеңгі күнге деген зор сенім тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев



