Ақпарат:

8 мамыр 2026 62

Ректор 2026 жылғы Жеңіс күнімен құттықтайды

Ректор 2026 жылғы Жеңіс күнімен құттықтайды

Құрметті әріптестер, қадірлі студенттер!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – ерлік пен қайсарлық танытып, бейбіт өмір үшін күрескен жандарға зор құрмет көрсетіп, алғыс білдіретін ерекше мереке.

9 Мамыр – майдангерлердің ержүрек батырлығын, тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін және фашизмді жеңу үшін құрбан болған мыңдаған боздақтарды еске алатын күн. Арада бірнеше жылдар өтсе де, майдангерлердің ерлігі туралы естелік біздің ортақ тарихымыздың маңызды бір бөлігі болып қала береді, ол әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіріп, адамгершілік бағдарына айналып отыр.

Сәтбаев университеті соғыстың алғашқы күндерінде майданға аттанған өзінің оқытушылары мен студенттерін, сол қиын-қыстау жылдары инженерлік білім беруді дамытуға және Қазақстанда әскери мамандарды даярлауға үлес қосқан жандардың есімін аса құрметпен мәңгі жадында сақтайды. Олардың табандылығы, жауапкершілігі мен туған елге деген адалдығы жастарға әрқашан үлгі бола береді.

Осы мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, отбасына аманшылық пен бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта тыныштық, шаттық және ертеңгі күнге деген зор сенім орнасын!

Жеңіс күні құтты болсын!

Сәтбаев университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту