11 сәуір 2024 1938

Ректор Ғылым күні 2024 мерекесімен құттықтайды!

Ректор Ғылым күні 2024 мерекесімен құттықтайды!

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!

Ғылым күні құтты болсын! Кәсіби төл мерекеміз Қазақстанда қазақтың көрнекті ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күнінде аталып өтуінің өзінде үлкен символдық мән бар.

Біздің университет академик Сәтбаевтың дәстүрін жалғастыра отырып, оның идеялары мен ұстанымдарын академиялық және ғылыми салаларда жүзеге асыруда. Біз инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу хабын құрудамыз, ол хаб ғылыми зерттеулерді оқу үдерісімен біріктіріп, осы өңірдегі ғылыми ақыл-ойды шоғырландыру орталығына айналады.

Ғылыммен айналысатын әрбір жанға зор денсаулық, амандық, ғылыми жобаларды халық игілігі үшін жүзеге асыру ісіне мол табыс тілеймін! Біз ғалымдарымыздың ерен еңбегін, биік жетістігін мақтан тұтамыз! Ғылым күні құтты болсын! Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы құтты болсын!

Құрметпен,
Сәтбаев Университетінің ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту