30 желтоқсан 2022 3655

Ректор жаңа 2023 жылмен құттықтайды!

Ректор жаңа 2023 жылмен құттықтайды!

Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсыңызға университеттің алдына қойған мақсаттарына жету үшін қосқан үлестеріңіз үшін зор алғыс білдіремін!

2022 жылы Сәтбаев Университеті әлемдік ең үздік университеттер арасындағы QS рейтингінде 100 сатыға көтеріліп, 405-орын алды. Университеттің білім беру бағдарламаларының саны өсіп, Күміс университет бағдарламасы енгізілді. Оның үстіне ғылыми жобалардың саны артып, цифрлы университет те қарқынды даму үстінде. Мұның бәрі сіздердің әрқайсыңыз қосқан еңбектің жемісі!

Ал енді алдағы жаңа жылда бізді тағы да жаңа бастамалар мен жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр.

Келесі жылы ғылыми жаңалықтар көп болып, оның әлемді өзгертетін тамаша нәтижелері мен шығармашылық табысы да мол болсын деп тілеймін! Тілектер орындала берсін, ал қиындықтар бізді тек шабыттандыра берсін! Әр отбасына аманшылық, зор денсаулық және еңбекте табыс тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту