Ректора 2026 жылғы Ораза айт мерекесімен құттықтайды!
Құрметті әріптестер, қадірлі студенттер! Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – барлық мұсылмандар үшін ерекше мереке. Өйткені ол қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді, әрі рухани тазаруға, мейірімділік танытуға және игі істер істеуге ұмтылдырады. Ораза айт адамдарды мәңгілік құндылықтар төңірегіне – яғни өзара құрмет көрсетуге, жақынға қамқорлық жасап, қоғамда келісім нығайту үшін біріктіреді.
Бүгін біз қай жағынан алсақ та, жаңа кезеңнің алдында тұрмыз: жаңа Конституцияны қабылдадық, Наурыз мерекесімен бірге бүкіл табиғат жаңарады және Ораза айт әрбір жүрекке сыйлайтын жаңару сезімі. Осы мезет арқылы сіздер үшін мәңгілік құндылықтарға, жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктерге, өзара құрмет пен жасампаздық әлеміне жаңа есік ашылсын.
Сіздерге және туған-туыс жақындарыңызға зор денсаулық, отбасына аманшылық, жұмыста табыс тілеймін! Әр шаңыраққа шаттық пен береке, қуаныш пен бақыт орнап, барлық игі істеріңіз жүзеге ассын!
Ораза айт қабыл болсын!
Құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев



