Ақпарат:

20 наурыз 2025 670

Ректордың 2025 жылғы Наурыз мейрамымен құттықтауы!

Ректордың 2025 жылғы Наурыз мейрамымен құттықтауы!

Қымбатты студенттер! Құрметті әріптестер!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз мейрамы ежелден ата-бабаларымызға жаңа жылдың келгенін, яғни жаңару басталғанын білдіреді. Бүгін де осынау шуақты мереке күні біз мол дастархан жайып, туған-туыс пен дос-жарандарды аралаймыз, оларға ізгі тілек тілеп, үйімізді, көшемізді ретке келтіреміз.

Халқымыз қашан да нұрлы үміттері мен сенімдерін Наурыз мерекесімен байланыстырып отырған. Осы қасиетті мереке қарсаңында барлық бастамаларымыз табысты болып, көктемнің шуағы әр шаңыраққа қуаныш әкелсін! Сіздерге және бүкіл отбасына зор денсаулық пен аманшылық тілеймін!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ақ мол болсын!

 

Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің ректоры
Мейрам Бегентаев

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту